
Өмірбаян
Рақымбеков Бақытжан Жұмабекұлы 1974 жылы 09 мамыр айында Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында дүниеге келді. 198 -1991 жылдары № 44 орта мектебін бітіріп шықты. 1991 – 1996 жылдары Қызылорда политехникалық колледжін техник – механник мамандығы бойынша мамандығын алып шықты. 2008 – 2010 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің агроинженерлік мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1996 – 2000 жылдары Қоғалыкөл ауылы «Сұлыкөл» шаруа қожалығында жүргізуші;
2000–2002 жылдары «Достық» шаруа қожалығында МТМ меңгерушісі және техника қауіпсіздік инженері;
2002 – 2006 жылдары «Қоғалыкөл» ЖШС-де МТМ меңгерушісі және экспидитор қызметі;
2007 -2014 жылдары «Бастау-К» ЖШС-де аға диспетчер;
2014 – 2016 жылдары «Бастау-S» ЖШС-де өндіріс бөлім бастығы, қосымша «КазСпектрСтрой» ЖШС-де бас инженер қызметін атқарды.
2016-2020 жыл Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі:
12.08.2024 жылы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің қызметін атқарып келеді;