
Рустемова Сәния Ерланқызы
Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1991 жылы туған, Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Гуманитарлық-техникалық академияны (экономика және бизнес бакалавры) бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Көкшетау қаласында нотариустың көмекшісі болып бастады.
2014 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы тамызға дейін Көкшетау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Көкше-Жәрдем» ШЖҚ МКК-да экономист болып жұмыс істеді.
2015 жылғы тамыздан қарашаға дейін – Көкшетау қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.
2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы қарашаға дейін – Көкшетау қаласы қаржы бөлімінің коммуналдық меншік секторының бас маманы.
2018 жылғы қаңтардан 2020 жылғы наурызға дейін – Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданды.
2020 жылғы наурыздан 2026 жылғы маусымға дейін – Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.
2026 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы.





