
Тойганбаева Гулден Калиакбаровна
"Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Гулден Тойганбаева 1973 жылы 6 қарашада Көктас ауылында өмірге келген.
2007 жылы Қарағанды қаласы «Болашақ» университетін заңтану мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қарқаралы қаласы №1 қазақ орта мектебінде бастаған.
1995-1996 жылдары аудандық прокуратурада хатшы-машинст, 1996-2005 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінде паспортист, 2005-2006 жылдары аудандық әділет басқармасында жетекші маман болып еңбек еткен.
Әр жылдарда Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігінде, Қарағанды облысының және Астана қаласы ішкі істер департаменттерінде қызмет еткен.
2015-2020 жылдары Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, басшысының орынбасары, ал 2020-2022 жылдары аталмыш бөлімнің басшысы болып қызмет етті.
2022-2025 жылдары Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік инспекторы болды.
2025 жылы 22 қаңтарда Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.