Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы

    Басқарма басшысы

    Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы
    Руководитель управления

    Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Серғазы Кәрімұлы 1992 жылғы 27 қаңтарда Шымкент
    қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары.
    2013 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген, мамандығы - құқықтану. 2022 жылы Орталық Азия Инновациялық Университетін аяқтаған, мамандығы - экономика.

    Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясында тергеуші қызметінен
    бастаған.

    2016-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы, Құқық-қорғау жүйесі бөлімінің бас инспекторы, Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы болып қызмет атқарды.
    2019-2021 жылдары Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастыру-құқықтық және әкімшілік бөлімінің басшысы,
    Шымкент қаласы әкімі аппараты құқық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы болды.
    2021 -2023 жылдары Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық-саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, Басқарма басшысының орынбасары,
    2024- 2025 жылдары «KazKomStroy Kz» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды.