Мұқантай Бекзат Рамазанұлы

    Қаратомар ауылдық округінің әкімі

    Мұқантай Бекзат Рамазанұлы
    Аким

    Мұқантай Бекзат Рамазанұлы

    Қаратомар ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мұқантай Бекзат Рамазанұлы 1995 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Bolashag» академиясын 2021 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 1 бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 2017 жылдың 26 қазанынан бастап 2020 жылдың 28 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында, Қапшағай қаласында әскери қызметтен бастады.

    2020 жылдың 28 ақпанынан 31 наурызына дейін Павлодар облысы Баянауыл ауданында орналасқан «Баянауыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де қызмет атқарды.

    2020 жылдың 15 сәуірінен 16 қарашасына дейін ҚР АШМ «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Павлодар облысы Баянауыл аудандық филиалында агроном-эксперт болып жұмыс істеді.

    2020 жылдың 7 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аталған мекеменің Баянауыл аудандық филиалында сарапшы қызметін атқарды.

    2021 жылдың 1 қыркүйегінен 13 қыркүйегіне дейін қосымша КГУ «Баянауыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінде ассистент болып еңбек етті.

    2021 жылдың 6 қыркүйегінен 13 қыркүйегіне дейін Баянауыл ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде инспектор қызметін атқарды.

    2021 жылдың 13 қыркүйегінен 2022 жылдың 18 ақпанына дейін Баянауыл ауданы әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің бас инспекторы болды.

    2022 жылдың 21 ақпанынан 11 шілдесіне дейін экономика және қаржы бөлімінде басшының орынбасарының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

    2022 жылдың 11 шілдесінен 1 тамызына дейін экономика және қаржы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың 1 тамызынан 2023 жылдың 22 қыркүйегіне дейін экономика және қаржы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

    2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 02 маусымға дейін Баянауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.

    2025 жылғы 03 маусымнан бастап Баянауыл ауданы, Қаратомар ауылдық округінің әкімі болып жұмысын атқарып жатыр.