
Мағдиев Алтынбек Мұсылманбекұлы
Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Алтынбек Мұсылманбекұлы 1991 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызыл ағаш ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ экономист болып бастаған;
2014 жылдан 2015 жылға дейін «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді;
2015 жылдан 2016 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ талдау, есептілік, әдіснама және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді;
2016 жылдан 2017 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ №3 бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді;
2017 жылдан 2018 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;
2018 жылдан 2020 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ №3 бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді;
2020 жылдан 2021 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ №3 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді;
2021 жылдан 2022 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы»ММ №1 мемлекеттік аудит бөлімінің бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор болып жұмыс істеді;
2022 жылдан 2024 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы»ММ экономиканың нақты секторы мемлекеттік аудит бөлімінің бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор болып жұмыс істеді;
2024 жылдан 2025 жылға дейін ҚР жоғары аудиторлық палатасының экономиканың нақты секторы департаментінің инвестициялар секторының бас сарапшысы - мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді;
2025 жылдың қыркүйегінен бастап «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ басшысы лауазымына тағайындалды.
