
Әлжанова Динара Бауржанқызы
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысының орынбасары.
Өмірбаян
Әлжанова Динара Бауржанқызы (Мұқатова, неке қию 01.03.2008 жыл), 23.11.1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылдан 2007 жылға дейін СҚМУ жанындағы колледжде "Қаржы"мамандығы бойынша оқыды.
2007 жылдың қыркүйек - қазан айлары аралығында «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» ММ компьютерлік модемдік байланыс операторы болып жұмыс істеді.
2007 жылдың қазанынан 2008 жылдың тамызына дейін «Шал ақын ауданының экономика бөлімі» ММ компьютерлік модемдік байланыс операторы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың тамызынан 2009 жылдың сәуіріне дейін «Шал ақын ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ компьютерлік модемдік байланыс операторы болып жұмыс істеді.
2009 жылдың сәуірінен 2011 жылдың қаңтарына дейін «Шал ақын ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жетекші мамандары болып жұмыс істеді.
2011 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамырына дейін «Шал ақын ауданының кәсіпкерлік бөлімі» КММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың маусымына дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың тамызына дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.





