Каирбаев Ардақ Каирбайұлы
Заместитель акима города Аягоз
Өмірбаян
Каирбаев Ардақ Каирбайұлы 1976 жылы Аягөз қаласы, Аягөз ауданы, Семей облысында дүниеге келді. 1983-1991 жылдары Аягөз қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебінен 9 сыныпты бітірді. 1991-1995 жылдары аралығында орта кәсіптік техникалық училищесін көркемдік жөндеу жұмыстарын орындаушы мамандығы бойынша оқып бітірді. 2000-2005 жылдары Талдықорған заң колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2009-2012 жылдары «Көкше» академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша оқып бітірді.
1996-2004 жылдары аралығында Аягөз қалалық жалпы білім беретін аралас орта мектебінде сурет пәнінің мұгалімі болып қызмет атқарды. 2004-2007 жылдары Аягөз ауданы, Аягөз қаласы әкімі аппараты тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде маман болып жұмыс атқарды. 2012-2015 жылдары аралығында Семей қаласы бойынша экология департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2019-2020 жылдары Қазақстандағы «Citic Construction co Ltd» филиалының экологы болып жұмыс істеді. 2020-2021жылдары жеке кәсіпкер «Ай-Сұлтан» басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Аягөз ауданы, Аягөз қаласы әкімінің орынбасары.
