Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы

    Теңіз ауылдық округінің әкімі

    Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы
    Аким

    Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы

    Теңіз ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы 1998 жылы 28 қаңтар күні Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Хиуаз ауылында дүниеге келген.

    Білімі – жоғары. 2018 жылы Каспий өңірлік қазіргі замандағы колледжінің техник - бағдарламашы біліктілігі бакалавры және 2022 жылы Орал қаласындағы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің экономист және бизнес бакалавры дәрежесі бойынша бітірген.

    Мансап

    Еңбек жолын 2020 жылы Хиуаз ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде бағдарламашы болып бастаған.

    2021 - 2022 жылдары «Халық Банк» АҚ Атырау облыстық филиалының Құрманғазы аудандық басқармасына аға менеджер, 2022 жылдың сәуір - шілде айларында ШЖҚ КММ «Құрманғазы аудандық ауруханасында» штаттан тыс есепші, 2022 - 2025 жылдары

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округі әкім аппараттында әкім кеңесшісі, 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап күні бүгін Теңіз ауылдық округінің әкімі. Отбасылы.