Байжұманов Дәурен Серикжанұлы

    Басшының орынбасары

    Байжұманов Дәурен Серикжанұлы
    Заместитель руководителя

    Байжұманов Дәурен Серикжанұлы

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Туған күні: 1985 жылғы 9 ақпан
    Туған жері: Семей қаласы, Семей облысы, Қазақстан Республикасы
    Отбасы жағдайы: үйленген, төрт баланың әкесі.

    Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі
    Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
    Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті
    Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебі (экономика және менеджмент, Business School)
    Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (Мәскеу қ.)
    Даурен Серікжанович 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде (қаржы полициясы) қызметін бастады.
    Семей өңіріндегі экономикалық қылмыстарды ашу бөлімінің инспекторынан бастап жедел басқарма басшысына дейінгі жолдан өтті.
    Әр жылдары келесі лауазымдарды атқарды:
    •инспектор және аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор;
    •экономикалық қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы;
    •заңсыз кәсіпкерлік қызметке және ақша жасаушылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты маман – аға офицер;
    •көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы;
    •жедел басқармалары басшысының орынбасары;
    •Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 1-ші жедел басқармасының басшысы.
    2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері