
Алиакпаров Дархан Жуматаевич
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы
Өмірбаян
Туған күні: 18.07.1986
Туған жері: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы
Білімі:
"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" мамандығы - «Техникалық физика» (2008).
«Тұран-Астана» университеті мамандығы - «Құқықтану» (2022).
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (магистратура) мамандығы - «Бизнес және басқару» (2024.)
- «Қазақмыс Энерджи» ЖШС Жезқазған ЖЭО . Қазандық жабдықтарын қараушы машинистен станция ауысымының бастығына дейінгі барлық лауазым сатыларынан өтті (2008-2014);
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы (2014);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысының орынбасары (2014-2017);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Аумақтық департаменттерді мониторингілеу және білімін біліктілік тексеру басқармасының басшысы (2017-2018);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық департаментінің басшысы (2018-2020);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (09.2020-05.2025);
- Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы (с 08.2025).