Өмірбаян
Джайлямысов Бақытжан Хасымханұлы1976 жылдың 17 сәуірінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1992 жылы Жамбыл ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебін бітіріп, сол жылы Ұзынағаш ауылындағы кәсіптік училищеге түсіп 1994 жылы бітірген, 1994 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне түсіп, 1999 жылы орман және бау бақша шаруашылығы мамандығын алып оқуды бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл атындағы жылқы завотында жұмысшы болып бастаған. 1999-2007 жылдар аралығында Жамбыл атындағы өндірістік коперативінде техникалық қауіпсіздік инженері. 2007-2008 жылдар аралығында Алматы қаласында "Инфекциялық дәрілердің ғылыми орталығы физикалық және биорганикалық химия зертханасы" аға инженер, 2008-2025 жылдар аралығында "Қылышбек" шаруа қожалығы мен "Желдікбай" жеке кәсіпкерлігінің басшысы.2025 жылдың 16 қыркүйек айынан бастап Жамбыл ауылдық округінің әкімі.