
Мамытова Айнұр Төлепбердіқызы
«Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
Өмірбаян
Мамытова Айнұр Төлепбердіқызы-20.09.1976 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Тұрмыста.
1993-1998 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында оқып, инженер-технолог дипломын алды.
1999-2000 жылдары Балқаш қаласы әкімдігінің Құрылыс және сәулет істері жөніндегі комитеті жанындағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау бойынша КМК геодезисінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2000-2001 жылдары Балқаш қаласы әкімдігінің Құрылыс және сәулет істері жөніндегі комитеті жанындағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау жөніндегі КМК технигі.
2001-2005 жылдары құрылыс және сәулет істері жөніндегі бас маман.
2005-2006 жылдары Балқаш қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы.
2006 жылы Балқаш қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының м. а.
2006-2009 жылдары Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2009-2011 жылдары Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарушы.
2011-2015 жылдары Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімінің бастығы.
2015 жылдан бастап Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.