
Зияда Ерслан Қанатұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Зияда Ерслан Қанатұлы 03.04.1997 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай
ауылында дүниеге келдім. 2004-2012 жылдар аралығында Балқаш қаласының №2 Абай
атындағы лицейінде оқыдым. 9 сыныпты бітіргеннен кейін 2012-2015 жылдары Ә.Мусин
атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде менеджмент мамандығында білім
алдым. 2015-2018 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қаржы
мамандығында біліп алып, экономика және бизнес бакалаврын алып шықтым.
Еңбек жолымды 2015 жылдың 02 шілдесінде «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жастар практикасынан бастадым. 25.04.2016 жылы арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін «Жидебай ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ-нің жетекші маманының міндетін атқарушысы болып, 01.07.2016 жылы
«Жидебай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы болып тағайындалдым. 14.08.2017 жылы конкурс тәсілімен «Жидебай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы болып тағайындалып, 23.01.2018 жылы өз өтінішіммен
жұмыстан босатылдым. 23.01.2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Ақтоғай аудандық филиалының консультанты болып орналасып, 03.10.2019 жылы өз өтінішім негізінде жұмыстан босатылдым. 08.10.2019 жылы конкурс тәсілімен арнайы тексеру нәтижелерін
алғанға дейін «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі бас маманының міндетін атқарушысы болып, 27.11.2019 жылы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы болып
тағайындалдым. 11.10.2021 жылы ауысу тәртібімен «Балқаш қаласы әкімінің аппараты»
ММ-нің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып тағайындалдым. 30.06.2023
жылы өз еркіммен жұмыстан босатылдым. 01.08.2023 жылы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 12.10.2023 жылдан 17.02.2025 жылға дейін «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің
ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым. 18.02.2025-
26.09.2025 жылдар аралығында бастап «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі»
ММ-сі басшысының орынбасары қызметін атқардым. Конкурстық комиссия шешімімен
2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалдым.