
Атенбекова Ақмарал Бақытқызы
Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
27 ақпан 1982 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары педагогикалық.
Еңбек жолын 26.06.2006 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы «№2 Қуаныш» балабақшасынан бастаған.
01.09.2007 жылы Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, №1 Қабанбай орта мектебіне іс қағаздарын жүргізушісі қызметіне ауысты.
2010-2012 жылдары аралығында Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, №1 Қабанбай орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.
2012 жылы 1 қыркүйекте Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, №1 Қабанбай орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
2017 жылы 6 наурыздан бастап Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы, №1 Қабанбай орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылы 22 желтоқсанда Аламаты облысы, Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2020-2025 жылдары аралығында Алматы облыстық білім басқармасының орта білім беруді дамыту және интернаттық үлгідегі мекемелер бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2025 жылдың шілде айынан бастап Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары.
2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

