Момынов Қамбар Жәумітұлы
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Момынов Қамбар Жәумітұлы
1966 жылы 25 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «ветеринария» мамандығы бойынша бітірген. Кейіннен «Ақниет» қазақ заң колледжінде (1999 ж.) құқықтану мамандығын, 2009 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институтында «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын меңгерді.
Еңбек жолын 1992 жылы ветеринар дәрігер болып бастаған. Әр жылдары Бейнеу ауданында, Ақтау қаласында және облыстық деңгейде ветеринария саласында жауапты қызметтер атқарды. Бас маман, бөлім басшысы, эпизоотиялық және биологиялық қауіпсіздік бағытындағы жетекші лауазымдарда еңбек етті.
Мемлекеттік қызмет өтілі – 29 жылдан астам. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Ветеринария басқармасы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.
Мемлекеттік және кәсіби міндеттерін адал атқарып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған.