
Малаев Нұржан Сәрсенбайұлы
Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің директоры
Өмірбаян
Азаматтық авиация академиясын "Әуежай қызметін ұйымдастыру" мамандығы бойынша және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Халықаралық туризм" мамандығы бойынша бітірген.
2008–2019 жылдары «Air Astana» әуекомпаниясында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Астана, Омбы және Атырау қалаларында жерүсті қызмет көрсету департаментінде мансаптық өсу сатыларынан өтті.
2019–2024 жылдары «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ-да Формальдылықтарды оңайлату, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету департаментінің директоры қызметін атқарды.
2024 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің директоры қызметін атқарады.
Марапаттары:
•2019 ж. – «Атырау қаласының әуежайының құрметті қызметкері» төсбелгісі;
•2022 ж. – «Құрмет грамотасы».
Халықаралық бағдарламалар мен гранттар:
•International Visitor Leadership Programme (IVLP, 2019);
•Special American Business Internship Training (SABIT, 2024);
•Сингапур авиация академиясының гранты (2025).