
Өмірбаян
1972 жылғы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы, Ново-Березовка ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар техникалық колледжін «Жол полициясының әкімшілік-құқықтық қызметі» мамандығы бойынша тәмамдап, «Заңгер» біліктілігі берілді.
2008 жылы Орталық Азия университетін (ЦАУ) «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылғы 22 шілдеде бастап, 1990 жылғы 11 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданындағы Ленин атындағы колхозда шопанның көмекшісі болып жұмыс істеді.
1990 жылғы 12 қарашадан 1992 жылғы 22 сәуірге дейін Кеңес Армиясы қатарында мерзімді әскери қызмет атқарды.
1992 жылғы 25 маусым мен 1992 жылғы 8 қазан аралығында Зыряновск геологиялық барлау экспедициясында 4-разрядты жұмысшы болып еңбек етті.
1993 жылғы 26 мамырдан 1993 жылғы 23 қазанға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданындағы Ленин атындағы колхоздың мүшесі болды.
1993 жылғы 23 қазаннан 1994 жылғы 23 сәуірге дейін аталған колхоздың автопаркінде слесарь болып жұмыс істеді.
1994 жылғы 10 маусымнан 2011 жылғы 8 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында 17 жыл 5 ай 28 күн бойы әртүрлі қызметтерде үздіксіз қызмет атқарды (Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті).
2012 жылғы 9 қаңтардан 2025 жылғы 4 сәуірге дейін «Ақжол» шаруа қожалығының басқарушысы қызметін атқарды.
2025 жылғы 13 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Солоновка ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқаруда.