
Садықов Барлыбай Кәрімұлы
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесінің жанындағы Тұрақты өкілі
Өмірбаян
- Туған күні: 1964 жылғы 25 қыркүйек.
- Отбасылық жағдайы : Үйленген, үш баласы бар.
Барлыбай Кәрімұлы Садықов дипломатиялық қызметін 1993 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) Еуропа және Америка Департаментінің атташесі ретінде бастаған.
Қазақстан Республикасының СІМ жүйесіндегі отыз жылдық қызметі ішінде ол СІМ-нің орталық аппаратында және Қазақстанның Үндістан, Италия, Швейцария, АҚШ, Пәкістан, Эфиопия және Кениядағы шетелдік өкілдіктерінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Мансап
2025 ж. 25 мамыр – қазіргі уақытқа дейін: Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; Найроби қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкіл (резиденциясы Найроби қаласында).
2019 – 2025 жж. – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі және Кения Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы (2023 ж. 7 желтоқсаннан бастап); Африка одағы мен Найроби қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкіл (резиденциясы Аддис-Абеба қаласында).
2018 – 2019 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі және Бангладеш Халық Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы.
2015 – 2018 жж. – Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары.
2013 – 2015 жж. – Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
2008 – 2013 жж. – Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
2005 – 2008 жж. – Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары.
2003 – 2005 жж. – Қазақстанның Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі.
2002 – 2003 жж. – Сыртқы істер министрлігі БҰҰ және халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы.
2000 – 2002 жж. – Сыртқы істер министрлігі Америка бөлімінің бастығы.
1996 – 2000 жж. – Қазақстанның Италия, Греция, Мальтадағы Елшілігінің екінші хатшысы.
1995 – 1996 жж. – Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің екінші хатшысы.
1993 – 1995 жж. – Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы.
Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.
Ағылшын және урду тілдерін меңгерген.