
Пахомов Игорь Евгеньевич
Почетный гражданин города Лисаковска
Өмірбаян
(туған жылы – 1969ж. 17 мамыр)
Еңбек жолын Денисов мұнай базасының механигі болып бастаған, содан кейін Орджоникидзе ауданында ССКӨБ-де слесарь-жөндеуші, № 11 кәсіптік-техникалық училищеде шебер, аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, рабкопта күзетші, өртке қарсы қызмет бөлімшесінің командирі болып жұмыс істеген.
2004-2015 жылдары «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кен басқармасында кәсіпорынның өрт сөндіру саласында: бақылаушы, өрт сөндіруші, бөлімше командирі, ведомстводан тыс өрт сөндіру командасының бастығы болып еңбек етті. 2015 жылы ККБК қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымының төрағасы болып сайланды.
Игорь Евгеньевич - белсенді азаматтық ұстанымы бар адам, кәсіпорын мен қаланың қоғамдық өміріне тікелей қатысады. «AMANAT» бастауыш партия ұйымының төрағасы. Жетінші және сегізінші шақырылымдағы Лисаков қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, қазіргі уақытта әлеуметтік-мәдени даму, жастар және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.
Игорь Евгеньевич көшбасшылық қасиеттерге, командада жұмыс істей білуге ие. И.Е. Пахомов жұмысқа жоғары қабілеттілігімен, жауапкершілігімен, адамдарға ниеттестігімен, қажетті көмек көрсетуге ұмтылысымен ерекшеленеді. Қалалық мәслихат депутаты ретінде азаматтармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі, қала тұрғындары арасында беделге ие.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, «Кәсіподақ ұйымындағы белсенді жұмысы үшін» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағының төсбелгісімен марапатталған.
Сегізінші шақырылымдағы егізінші шақырылымдағыЛисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 183 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағыберілді.





