
Бекмуратов Ақтілеу Балғабекұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
1990 жылы туған, білімі жоғары, 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «5В090800-Баға» мамандығы бойынша, 2022 жылы «Тұран-Астана» университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің курьері болып бастаған.
2015-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Электр энергетикасы саласын реттеу басқармасында сарапшының міндетін атқарушыдан бастап, басқарманың бас сарапшы қызметіне дейін жұмыс атқарған.
2019 жылғы маусымнан бастап, 2019 жылғы желтоқсанға дейін Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқа мүшесінің (Министрінің) көмекшісі болып жұмыс істеді.
2022 жылғы қарашадан бастап 2023 жылғы қаңтар аралығынада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Теміржол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасы басшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы ақпаннан бастап, 2025 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.



