
. Мұхтар Алімханұлы
Басқарма төрағасы
Өмірбаян
Мұхтар Әлімханұлы 1982 жылғы 12 қазанда дүниеге келген. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы қаржы және мемлекеттік басқару саласында бастаған.
2008–2009 жылдары Астана қаласы Қаржы департаментінің кірістердің орындалуын талдау бөлімінің маманы қызметін атқарды. 2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Ішкі бақылау басқармасының сарапшы-қазынашысы болып жұмыс істеді.
2010–2016 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да қызмет атқарып, кәсіби жолын жетекші маманнан Ішкі аудит қызметінің бас аудиторына дейін жалғастырды. 2016 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы болып тағайындалды.
2017–2020 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ақмола облысы филиалы директорының орынбасары – бөлім бастығы және Қызылорда облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарды. Осы кезеңде кәсіпкерлікті дамыту және шағын және орта бизнес субъектілерін, оның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мәселелеріне жетекшілік етті.
2020 жылғы 1 қазаннан 2023 жылғы 22 қыркүйекке дейін «ОҢТҮСТІК» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарып, кәсіпкерлік пен өңір экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық және қаржылық жобаларды іске асыруға жетекшілік етті.
2023 жылғы 25 қыркүйектен 2025 жылғы 20 наурызға дейін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы 26 наурыздан бастап «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Өз қызметі аясында Абай облысы мен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялар тартуға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыруға қатысады.
Мұхтар Әлімханұлының қаржы, ішкі аудит, инвестициялық қызмет, мемлекеттік басқару және өңірлік даму салаларында мол тәжірибесі бар.



