
Бегалиева Эльмира Рүстемқызы
Тараз қалалық мәслихатының №29 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Бегалиева Эльмира Рүстемқызы - 1978 жылы 18 желтоқсанда Қарағанды облысы, Сарань қаласында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономист», 2007 жылы Орта Азиялық Университетін «Құқықтану», 2018 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы – бір ұл, екі қыз тəрбиелеуде.
Еңбек жолын 2001 жылы «Темірбанк» АҚ-ның Тараз қаласындағы филиалында бухгалтерлік, кредиттік бөлімдерінде маман болып бастаған.
2006-2008 жылдары Алматы қаласында «Алматы жер» КМК құжаттар қабылдау және дайындау бөлімінде бас маман, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының жер есебін жүргізу бөлімінің бас маманы, 2009-2012 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары Жамбыл облысы Әділет департаментінде бас маман, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының жер есебін жүргізу бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2016 жылдан бастап «Салтанат балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы және меңгерушісі қызметін атқаруда.





