
Ешеева Гульсун Алиевна
Тараз қалалық мәслихатының №30 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Ешеева Гульсун Алиевна 1962 жылы 28 қыркүйек Жамбыл облысы бұрынғы (Свердлов ауданы) Байзақ ауданы Головановка ауылында дүниеге келген. Ұлты түрік
1970 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Головановка ауылындағы К.Крупская атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1978 жылы осы мектепті 8 жыл оқып аяқтап шықты.
1980-1981 жылдары Михайловка ауданында 1 жылдық педкласс бітіріп, 1980-1990 жылдары Головановка ауылындағы №2 балабақшасында тәрбиеші жұмысын аткарды.
1992 жылы Алматы қаласының қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1996 жылы «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын тәмамдап шықты.
1992 жылдан бастап осы күнге дейін Қостөбе ауылының «Гүлсім» балабақшасының меңгерушісі жұмысын атқаруда ( бұрынғы Головановка ауылындағы №2 балабақшасы)
Отбасылы, екі ұлы бар, соттылығы жоқ.





