
Нұрбаев Жеңіс Тұрсынханұлы
Тараз қалалық мәслихатының №31 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Нұрбаев Жеңіс Тұрсынханұлы 1970 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген.
1977-1987 жылдары Қызыл жұлдыз ауылындағы Н. Ақшабаев атындағы орта мектепті тамамдаған.
1993 жылы Алматы зооветеринарлық институты «Зооинженер» мамандығы бойынша білім алды.
1988-1990 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында борышын өтеді.
1993 – 1995 жылдар аралығында АААШБ зоотехниктің көмекшісі қызметін атқарды.
2003 – 2005 жылдар аралығында «М. Нұрбаев» кооперативінің төрағасы болып жұмыс атқарды.
2005-2006 жылдары «Мұхамедқали Нұр» ЖШС директоры болды.
2007 жылдан «Н. Т. Жеңіс» шаруашылық қожалығының жетекшісі қызметін атқарды.
2012 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «экономика және бизнес» университетін бітірді.
Бүгінгі күнге дейін сегізінші шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
1990 жылы отбасын құрып, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.





