
Мухамедгалиев Ерлан Маратович
Қарабалық кенті әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ерлан Маратович Мухамедгалиев 1990жылы 2 қыркүйекте Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кентіңде дүниеге келген. Білімі орта арнаулы, 2012 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің А.Байтұрсынов атындағы колледжін «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған. Үйленген, 2 баласы бар.
07.05.2009-13.11.2009 - Қарабалық ауданы прокуратурасының от жағушы- күзетшісі, Қарабалық кенті.
15.03.2010-31.08.2011 - «Қалқан» ЖШС күзетшісі, Қостанай қаласы.
22.07.2011-28.03.2013- «Алпамыс-2008» қауіпсіздік агенттігі» ЖШС күзетшісі, Қостанай қаласы.
01.04.2013-31.12.2014 - Қарабалық ауданы қазынашылық басқармасының күзетшісі, Қарабалық кенті.
01.01.2015-31.05.2017 - Қарабалық ауданы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ғимаратының күзетшісі, Қарабалық кенті.
01.11.2017-10.03.2022 - Комсомол ЛМУ электрмонтер, «ЭПК-Форфайт» ЖШС Қарабалық РЭС, Қарабалық кенті.
10.03.2022-11.10.2022 - «ЭПК-Форфайт» ЖШС Қарабалық РЭС БЦР шебері, Қарабалық кенті.
17.10.2022-06.12.2022 - «Poultry-Agro» ЖШС кезекші электрик, Қарабалық кенті.
05.12.2022-14.03.2024 – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ әдіскер.
15.03.2024-28.04.2024- «Қарабалық кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы міндетін атқарушы.
29.04.2024 жылдан бастап – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы.
12.05.2025 жылдан бастап - Қарабалық кенті әкімінің орынбасары лауазымына ауыстырылды.
