
Өмірбаян
Сеилхан Тукенұлы Майжанов, 1958 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі - жоғары. Үйленген, 2 баласы бар.
Еңбек жолын 1978 жылы «Красный Казахстан» совхозында бастады. 1978 – 1981 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында қызметтен өтті. 1981 – 1982 жылдар аралығында «Красный Казахстан» совхозында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1982 – 1988 жылдар аралығында Семей зоотехникалық – ветеринарлы институнда «зоотехник» мамандығы бойынша білім алды. Оқуды тәмамдағаннан кейін, 1988 жылы «Заря коммунизма» колхозына «зоотехник» болып орналасты, ол жерде 1990 жылға дейін жұмыс істеді. 1990-1994 жылдар аралығында «Красный Казахстан» совхозында зоотехник. 1994-1999 жылдар аралығында – зоотехник, зоотехник – селекционер, одан кейін «Буркотово» ҚК коммерция бойынша директордың орынбасары және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып жұмыс істеді. 1999-2002 жылдар аралығында Буркотово ауылының № 3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2016 жылғы желтоқсан аралығында – «Тукен» ШҚ басшысы.
Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, аудан әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 222 – л/с өкімімен Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.



