
Шәріпбай Айдар Мінәшұлы
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті emer-zhetisu
Өмірбаян
Шәріпбай Айдар Мінәшұлы
Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі
1978 жылғы 15 маусымда Жетісу облысы, Қаратал ауданы, 1-Мамыр ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар: 2001 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, 2005 жылы - Қазақ ұлттық аграрлық университетін «дене шынықтыру» және «ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2003 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді, өрт сөндіру бөлімінен бастап, басшылық лауазымдарға дейін түрлі қызметтер атқарған.
2025 жылдан бастап Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарады.
Үйленген, балалары бар.


