Штейнке Елена Викторовна

    Бөлім басшысы

    Штейнке Елена Викторовна
    Руководитель

    Штейнке Елена Викторовна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Штейнке Елена Викторовна, 1978 жылғы 06 мамырда дүниеге келді, туған жері - Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    Жоғары білімі бар:

    2012 жылы «Рудный индустриалды институты» РМҚК «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

    1997 жылғы 12 ақпаннан 1998 жылғы 01 маусым аралығында - «Бизнес-Орталық» ЖШС хатшысы, кадрлар бөлімінің бастығы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2000 жылғы 26 қазаннан 2003 жылғы 01 қаңтар аралығында - «Шағын және орта бизнесті дамытудың оңалту қоры» ҚҚ еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының маманы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2003 жылғы 10 ақпаннан 2006 жылғы 10 қаңтар аралығында «Компания ВиД» ЖШС хатшы-референті, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2007 жылғы 03 қаңтардан 2007 жылғы 31 қазан аралығында - «Лисаков қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі әдіскер-хатшы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2007 жылғы 01 қарашадан 2008 жылғы 27 наурыз аралығында - «Лисаков қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тіркеуші, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2008 жылғы 02 сәуірден 2012 жылғы 31 қазан аралығында – «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жетекші маманның міндетін атқарушы, жетекші маман, әкімшілік сектордың бас маманы, әлеуметтік көмек секторының бас маманы, еңбек және жұмыспен қамту секторының бас маманы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2012 жылғы 01 қарашадан 2025 жылғы 30 маусым аралығында – «Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бюджетті атқару секторының бас маманы, бюджетті атқару жөніндегі бас маман, коммуналдық меншік секторының меңгерушісі, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2025 жылғы 01 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері