Дамдыбаев Арна Маташович

    ШҚО Глубокое ауданы Бобровка ауылдық округі аппаратының әкімі

    Дамдыбаев Арна Маташович
    Аким

    Дамдыбаев Арна Маташович

    ШҚО Глубокое ауданы Бобровка ауылдық округі аппаратының әкімі

    Өмірбаян

    1976 жылы 18 маусымда Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген.

    1995 жылы Өскемен педагогикалық колледжін негізгі мектептің бастауыш сыныптарында оқыту мамандығы бойынша қосымша мамандықпен бітірді: ұлттық мектептегі Қазақ тілі негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

    2009 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша бітірген.

    1995 жылдан 2008 жылға дейін Таврия орта мектебінде бастауыш қазақ сыныптарының мұғалімі болып жұмыс істеді.

    2009 жылдан 2010 жылға дейін "ШҚО Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ жетекші маманы қызметін атқарды.

    2011 жылдан 2012 жылға дейін ШҚО ДСБ "Ұлан ауданының медициналық бірлестігі" КМҚК кадрлар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2012 жылдан 2015 жылға дейін ШҚО Ұлан ауданы Таврия ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    2015 жылдан 2022 жылға дейін "ШҚО Ұлан ауданы Азов ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ әкімі қызметін атқарды.

    2022 жылдан 2023 жылға дейін ШҚО Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    2023 жылдан 2024 жылға дейін ШҚО Өскемен қаласының гидрология бөлімінің қар өлшеуіш партиясының бастығы болып жұмыс істеді.

    2024 жылғы 16 қыркүйекте "ШҚО Глубокое ауданы Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ әкімі қызметіне тағайындалды.