
Абдуллаев Ермек Бекпенбетович
Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Абдуллаев Ермек Бекпенбетович 1968 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Крупская атындағы колхозда бастаған.
1998 жылдан 2018 жылға дейін әскери бөлімдер мен жергілікті әскери басқару органдарында қызмет еткен.
2018 жылдан бастап 2024 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі болған.
2025 жылдан бастап Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы болып қызмет атқарған.
