
Өмірбаян
Туған жылы: 25 тамыз 1961 жыл Аягөз қ. Семей облысы (қазіргі Абай облысы)
Білімі: Семей қаласының М. Төлебаев атындағы музыкалық колледж;
Мәскеудегі Бүкілодақтық біліктілікті арттыру институты, клубтық мекемелерде көркемөнерпаздар театрларын ұйымдастыру курстары;
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының музыка факультеті.
Мамандығы: мәдени-ағарту жұмысы, музыка факультеті, клуб мекемелерінде көркемөнерпаздар театрларын ұйымдастыру
Дипломдықбіліктіліктері: Клуб қызметкері, музыка мұғалімі, қазақ халық аспаптар оркестрінің, көркемөнерпаздар театрының жетекшісі.
Жалпы жұмыстәжірибесі: 44 жылдан астам
Әкімшіліктәжірибесі: 18 жылдан астам
Еңбек жолын 1981 жылы облыстық халық шығармашылығы және мәдени-ағарту жұмысы ғылыми-әдістемелік орталығының халық шығармашылығы бөлімінің әдіскері болып бастаған;
1984 - 1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институтының студенттер клубының директоры;
1986 - 1994 жылдары – Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-ағарту жұмыстары ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері, аға әдіскері, бөлім меңгерушісі;
1994 - 2003 жылдары - әртіс, қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі;
2003 - 2008 жылдары - «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, бас маманы;
2008 жылдың мамыр айынан 2020 жылға дейін «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Семей» мәдени-бос уақыт орталығы» КМҚК директоры.
2008 жылы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметінен ауысу туралы бұйрығымен «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды;
2020 жылы қала әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 2212 қаулысы негізінде кәсіпорын атауы өзгертілді, ал 2021 жылдың 15 қаңтарында кәсіпорын қайта тіркеуден өтті.
Жұмыс барысында бірнеше рет медальдармен, Құрмет грамоталарымен, грамоталармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ қала мен республиканың қоғамдық ұйымдарының марапаттарымен марапатталған.




