
Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы
Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы 01.04.1992 жылы Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылында туған.
Білімі - жоғары. 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын "информатика" мамандығы бойынша, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін "экономика" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Europharma» ЖШС бюджеттік сату бөлімінің операторы, 2016-2023 жылдары Қарақоңыр ауыл округі әкімінің аппаратында бас маман-іс басқарушы, бас маман – әлеуметтік қызметкері, 2023-2025 жылдары Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
05.05.2025 жылдан бастап Қарақоңыр ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





