Сейтқұлов Алмат Еркінұлы

    Басқарма басшысы

    Сейтқұлов Алмат Еркінұлы
    Руководитель управления

    Сейтқұлов Алмат Еркінұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Сейтқұлов Алмат Еркінұлы 1988 жылы 14 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Аймақтану мамандығы бойынша, 2018 жылы Nottingham университетінің (Ұлыбритания) Мемлекеттік басқару (экономика және бизнес) мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің іс жүргізушісі болып бастаған. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

    2013 жылдың маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімі аппаратының заңгер-консультанты, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы.

    2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы сәуірге дейін Батыс Қазақстан облысының "Орал" ӘКК ҰК АҚ өңірлік цифрландыру офисінің директоры болып қызмет атқарды.

    2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін Батыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

    2020 жылдың тамызынан Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2025 жылғы 30 маусымында Астана қаласы Әкімінің өкімімен "Астана қаласының Қаржы басқармасы" ММ басшы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері