
Өмірбаян
Сарсенгалиев Аскар Маратович, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында 25 қаңтар 1983 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ.
1989 жылы Қаратөбе ауылдық Мұхит Мералыұлы атындағы ЖББОМ-не барып, 2000 жылы Қаратөбе аудандық гимназиязын бітірген.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Көкөніс, жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы», 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Әскери міндетті, запастағы лейтинант.
2005-2008 жылдар аралығында Жәнібек аудандық қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік уәкілетті инспекторы.
2009-2012 жылдар аралығында «Қанат» ЖШС жол жағдайының шебері.
2012-2014 жылдар Жәнібек ауданы әкімі аппаратының жетекші, бас мамандары.
2015-2017 жылдар аралығында Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің әкімі.
2017-2022 жылдары Жәнібек ауданы әкімдігінің «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының міндетін атқарушысы.
2022 -18.10.2023 жылға дейін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы.
18.10.2023 жылдан бастап Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
Отбасылы 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.




