
Қарсақбаева Гүлзира Елібайқызы
ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Қарсақбаева Гүлзира Елібайқызы1984жылдың1маусымындаАлматыоблысы,Қапал ауылында дүниегекелген.
2001–2005жылдарыЛ.Н. Гумилеватындағы Еуразияұлттық университетінде«Бұқаралық қарым-қатынассаласындағы байланыс»мамандығы бойынша білім алған.
01.09.2005–01.09.2006 жылдар аралығында «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ-да еңбек шарты бойынша қызмет атқарған.
15.09.2006–18.01.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Лицензиялау және коммуникация бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
18.01.2007–20.02.2007 жылдары аталған комитеттің Лицензиялау және коммуникация бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарған.
20.02.2007–01.08.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мұрағаттар және құжаттама басқармасының Мемлекеттік іс жүргізу және ведомстволық мұрағаттардың жұмысын реттеу, бақылау бөлімінің жетекші маманы болған.
01.08.2008–19.05.2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мұрағаттар және құжаттама басқармасының сарапшысы қызметін атқарған.
19.05.2010–13.03.2012 жылдары Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және құжаттама басқармасының сарапшысы болып еңбек еткен.
13.03.2012–17.07.2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мұрағаттар және құжаттама басқармасының сарапшысы қызметін жалғастырған.
17.07.2012–11.05.2014 жылдары аталған басқарманың бас сарапшысы ретінде жұмыс істеген.
12.05.2014–06.08.2014 жылдары Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Мұрағат ісі және құжаттама департаменті Мұрағат ісі және құжаттаманы басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған.
15.10.2014–09.06.2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті Мұрағаттық іс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2021 жылдың 9 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

