
Бөлтеев Темиржан Көптлеуұлы
«Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ басшысы
Өмірбаян
Теміржан Көптілеуұлы Бөлтеев 1963 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі – жоғары.
1989 жылы Қарағанды педагогикалық институты «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі».
2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Заңгер бакалавры».
2010 жылы Ұлттық қорғаныс университеті «Әскери және әкімшілік басқару» мамандығы бойынша оперативті-тактикалық буынның басқару Академиялық курсы.
1980-1981 жылдары - СКТУ-163 оқу,
1981–1982 жылдары - «Актюбсельстрой», «Сельхозэнерго» кәсіпорнында электромонтер,
1982-1984 жылдары - Кеңес Армиясы қатарында мерзімді қызмет,
1989–1993 жылдары - Жаңажол орта мектебінде алғашқы әскери даярлық жетекшісі, Байғанин кәсіптік-техникалық училищесінің алғашқы әскери даярлық оқытушысы,
1993-1996 жылдары - Байғанин аудандық әскери комиссардың орынбасары,
1996-1999 жылдары - Байғанин ауданының әскери комиссары,
1999-2004 жылдары - Мұғалжар ауданының әскери комиссары,
2004–2011 жылдары - Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы,
2011 жыл - 30217 әскери бөлімінің штаб бастығы – бригада командирінің бірінші орынбасары,
2011–2014 жылдары - Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы,
2014-2015 жылдары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері штаб бастығының орынбасары – ұйымдастыру - жұмылдыру басқармасының бастығы,
2020–2024 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы,
2024 -2025 жылдары – «Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» ММ-нің «Жұмылдыру дайындығын, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы,
2025 жылдың қаңтар айынан бастап жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.