
Төкешева Жанна Қабдрахманқызы
И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Төкешева Жанна Қабдрахманқызы 1976 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997-2006 жылдары Ақтөбе қаласы №25 мектепте мұғалім,
Жарсай орта мектебінде мұғалім, тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары.
2006-2008 жылдары Қобда аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі, бас маман.
2008-2021 жылдары Ақтөбе облысы бойынша балалардың құқығын қорғау департаментінің жетекші маманы, Қобда аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі.
2021-2024 жылдары Бегалы ауылдық округінің әкімі. Ақтөбе қаласы Әлеуметтік қамтамасыз ету орталығы ММ маман, Ақтөбе қаласы “Отбасыны қолдау орталығы” ММ директордың орынбасары.
2024-2025 жылдары Ақтөбе қаласы “Мейірім” Жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары, “Үміт” отбасын қолдау орталығында директор.