Сағындықов Өмірбек Ғалымжанұлы

    Жолаушылар көлігі бөлімінің бөлім басшысы

    Сағындықов Өмірбек Ғалымжанұлы
    Руководитель отдела

    Сағындықов Өмірбек Ғалымжанұлы

    Жолаушылар көлігі бөлімінің бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Сағындықов Өмірбек Ғалымжанұлы 1992 жылы 29 қарашада Маңғыстау облысында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

    2014 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітіріп, "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша жоғары білім алып, бакалавр дәрежесін алды.

    Еңбек жолын 2014 жылдың 1 қарашасында Ақтау қаласында "Авто-Корса" ЖШС менеджері қызметінен бастады, онда 2015 жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс істеді.

    2016 жылғы 2 ақпаннан 29 шілдеге дейін Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясында маманның көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2016 жылғы 1 тамыздан бастап 2018 жылғы 4 қаңтарға дейін "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"мемлекеттік мекемесінде инспектор қызметін атқарды.

    2018 жылдың 5 қаңтарынан 13 наурызына дейін осы басқармада жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2018 жылғы 14 наурыздан 2023 жылғы 31 қазанға дейін Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы лауазымында еңбек жолын жалғастырды.

    2023 жылдың 1 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласында аталған басқарманың жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.