
Дәуренбек Бабыр Жақауұлы
Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Бас консулы
Өмірбаян
Туған күні: 1973 ж. 8 қаңтар
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Алматы қ., 1995 ж. Шығыстану факультеті.
Шет тілдер: Араб
1995 – 1997 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу, Орта Шығыс және Африка басқармасының референті
1997 – 1999 жж. Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің атташесі
1999 – 2000 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы
2000 – 2003 жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы
2003 – 2005 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің екінші, бірінші хатшысы
2005 ж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының екінші хатшысы
2005 – 2007 жж. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы
2007 – 2009 жж. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы
2009 – 2011 жж. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі
2011 – 2012 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің кеңесшісі
2012 – 2015 жж. Қазақстан Республикасының Дамаск қаласындағы Консулдығының консулы
2016 – 2017 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі бас консультантының міндетін атқарушы
2017 – 2018 жж. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті ақпараттық жұмыс басқармасының бас сарапшысы
2018 – 2019 жж. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті ақпараттық-талдау жұмысы басқармасының бас сарапшысы
2019 – 2021 жж. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті көпжақты бастамалар басқармасының бас сарапшысы
2021 ж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы
2021-2024 жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы
2024 ж. қыркүйегінен Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Бас консулы
