
Жақсылықов Данияр Жақсылықұлы
Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Жақсылықов Данияр Жақсылықұлы 1989 жылы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша, 2016 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған
02.09.2011 - 31.01.2013 жылдар аралығында "Трансжолсервис" ЖШС автоматтандыру жүйесін басқару бойынша инженер;
01.02.2013 - 01.08.2013 жылдар аралығында "IMS Service" ЖШС контент менеджері, Ақтау каласы;
01.08.2013 - 25.04.2014 жылдар аралығында "IMS Service" ЖШС Ақтау қаласындағы өңірлік директоры;
01.04.2014 - 09.09.2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының әлеуметті және құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі;
22.09.2016 - 12.12.2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының тау-кен өндіруші өнеркәсібі мен халықаралық сапа стандартын мониторингілеу бөлімінің халықаралық сапа стандартын енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі бас маманының міндетін уақытша атқарушы;
13.12.2016 - 31.05.2018 жылдар аралығында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының тау-кен өндіруші өнеркәсібі мен халықаралық сапа стандартын мониторингілеу бөлімінің халықаралық сапа стандартын енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі бас маманы;
01.06.2018 - 11.06.2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық сапа стандарттарын мониторингілеу бөлімінің халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі бас маман;
12.06.2019 - 11.06.2020 жылдар аралығында Қарақия ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Қарақия ауданы;
12.06.2020 - 28.03.2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
29.03.2022 - 20.04.2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының инспекторлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
21.04.2022 - 19.02.2023 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының инспекторлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы;
20.02.2023 - 12.06.2025 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы;
16.06.2025 - қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары.


