Тлеугалиева Самал Кайратовна

    Басқарма басшысының орынбасары

    Тлеугалиева Самал Кайратовна
    Заместитель руководителя управления

    Тлеугалиева Самал Кайратовна

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Тлеугалиева Самал Кайратқызы 30 маусым 1982 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген.

    Білімі – жоғары. 1999 - 2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінде «Экономист- қаржыгер» мамандығын аяқтаған.

    2006 - 2009 жылдары Атырау мұнай және газ институтын сырттай оқып, құрылысшы мамандығын аяқтаған.

    22.09.2003 - 05.01.2005 жылдар аралығында Атырау облысы Құрылыс кешені басқармасының құрылыс және инженерлік инфрақұрылым бөлімінің жетекші маманы болып еңбек жолын бастаған.

    05.01.2005 жылы Атырау облысы Құрылыс кешені басқармасының құрылыс және инженерлік инфрақұрылым бөлімінің бас маманы болып тағайындалған.

    06.02.2006 жылы Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы №11 қаулысына сәйкес басқарманың Атырау облысы Құрылыс департаменіті болып қайта аталуына байланысты, құрылыс және инженерлік инфрақұрылым бөлімінің бас маманы болып тағайындалған.

    28.04.2006 - 06.03.2007 жылдар аралығында Атырау облысы Құрылыс департаментінің құрылыс және инженерлік инфрақұрылым бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    06.03.2007 жылы Атырау облысы Құрылыс департаментінің қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

    30.04.2008 - 29.03.2016 жылдар аралығында Атырау облыстық әкімиятының 02.04.2008 ж №78 қаулысына сәйкес Атырау облысы Құрылыс департаменті Атырау облысы Құрылыс басқармасы болып өайта аталуына байланысты атқарған қызметінен босатылып,Құрылыс басқармасы қаржы бөлімінің бастығы болып тағайындалған.

    29.03.2016 - 31.01.2025 жылдар аралығында Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

    31.01.2025 жылдан бастап қазіргі уақыт аралығында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері