Саметов Елдос Даулетович

    Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

    Саметов Елдос Даулетович
    Аппарат басшысының орынбасары

    Саметов Елдос Даулетович

    Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Елдос Саметов 2010 жылы «КИМЭП» университетін «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақстан халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Манчестер Университетінің «Басқару және Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

    2010 жылдан 2012 жылға дейін коммерциялық және басқа да құрылымдарда жұмыс істеді.

    2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде департамент директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2019-2020 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Жобаларды үйлестіру және халықаралық серіктестік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық реформалар департаментінің бас консультанты лауазымын атқарды.

    2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық даму департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    2024 жылғы маусым мен тамыз аралығында Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2024-2025 жылдары «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Бюджеттік инвестицияларды зерттеу және бағалау департаментінің директоры лауазымын атқарды.

    2025 жылғы ақпаннан бастап Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері