
Назарбеков Айхан Жамбылұлы
Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық окургі әкімі
Өмірбаян
Айхан Жамбылұлы 1987 жылдың 5 қазанында Алғабас (қазіргі атауы Өрнек) ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер», ал 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясы «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 2009 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жол картасы бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесімен бастаған.
Мемлекеттік қызмет саласында 2010 жылдың наурыз айынан қараша айы аралығында Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, 2011-2013 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының бас маманы, 2013-2019 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек беру секторының сектор меңгерушісі, 2019-2020 жылдары Т. Рысқұлов аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, 2020-2021 жылдары Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2021 жылдың ақпанынан маусымы аралығында Т. Рысқұлов аудан әкімінің аппаратының басшысы, 2021-2024 жылдары Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, ал 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.