
Оспанов Асет Канышевич
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Өмірбаян
1983 жылы 02 маусымда Павлодар облысы Краснокутск ауданы Краснокутск ауылында дүниеге келген
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құқықтану (2006ж.) және экономика (2009ж.) факультеттерін бітірген.
2002-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен ішкі істер министрлігінің жүйелерінде жұмыс істеді.
2010-2016 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында қызмет етті, Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар қаласының қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын қадағалау және жедел-іздестіру қызметі жөніндегі аға прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры лауазымдарын дәйекті түрде атқарды.
2016-2019 жылдары-Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтің пенитенциарлық жүйесі мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау басқармасының ағапрокуроры.
2019-2022 жылдары-Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының доценті
2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қаңтар аралығында - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері
2023 жылғы 13 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы.
2024 жылғы 21 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.