Мейірманов Қайырбек Сәрсенбекұлы

    Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

    Мейірманов Қайырбек Сәрсенбекұлы
    Заместитель руководителя управления

    Мейірманов Қайырбек Сәрсенбекұлы

    Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына, 30- бабының 1-тармағына сәйкес, «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізу тәртібімен конокурстық комисияның 13.01.2025 жылғы №4-2 хаттамалық шешіміне сәйкес, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғ.Құрманбайдың 21.01.2025 жылғы №5 ж/қ санды бұйрығымен Мейірманов Қайырбек Сарсенбекұлы басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Жаңа орынбасарды Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Құрманбай Ғани ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

    Мейірманов Қайырбек Сарсенбекұлы 1986 жылы 1 қазанда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. 2009-2011 жылдары Ветеринарлық дәрігер, агрономия мамандығы бойынша, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен Шымкент университетерін тәмамдаған.

    - 2010 жылдың наурыз айынан бастап, 2012 жылдың қарашасы аралығында Шолаққорған ауылы әкімі аппаратының бас маман мал дәрігері;

    - 2012 жылдың қарашасы мен 2012 жылдың желтоқсанына дейін, Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы;

    - 2012 жылдың желтоқсанынан бастап, 2014 жылдың тамызына дейін Созақ ауданы әкімінің көмекшісі;

    - 2014 жылдың тамызынан бастап, 2015 жылдың тамызына дейін Созақ ауданы әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету және әкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы;

    - 2015 жылдың тамызынан бастап, 2017 жылдың қарашасына дейін, Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және инспекторлық бөлімнің бас инспекторы;

    - 2017 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қазанына дейін Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

    - 2021 жылдың қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін, Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері