
Саухимов Алмат Омурзакович
Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Өмірбаян
1985 жылғы 10 қыркүйекте дүниеге келген.
Орталық Азия университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Шымкент университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «СәтСаулет» ЖШС директорының көмекшісі болып бастады.
2007 жылы — абаттандыру шебері, директордың орынбасары міндетін атқарушы.
2007-2013 жылдары Жезқазған қаласы бойынша Салық комитетінде жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары — Жезқазған қаласы бойынша Салық басқармасының кеден одағы аясындағы жанама салықты әкімшілендіру бөлімінің басшысы.
2014 жылы —2014 жылы — Жезқазған қаласындағы Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының №3 бөлімінің басшысы.
2014-2019 жылдары — Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы.
2019-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.
2022-2023 жылдары — Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Кеңгір ауылының әкімі.
2023-2025 жылдары — Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары.
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.


