
Қожапова Роза Абзалқызы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Қожапова Роза Абзалқызы, 1964 жылы 26 маусымда Семей облысы, Жарма ауданы, Громовка ауылында дүниеге келген .
1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірді
1981 жылы орта мектепті бітірді.
1981 жылдан 1982 жылға дейін Талдықорған облысы Сарқан ауданы "Шекарашы" совхозында кассир болып жұмыс істеді.
1982 жылдан 1988 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқыды.
1988 жылдан 1990 жылға дейін Талдықорған облысы Андреев ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып жұмыс істеді, көшуіне байланысты жұмыстан шықты (үйленді)
1990 жылдан 1994 жылға дейін – Алматы қаласы Совет ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып қызметінен босатылды,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ауысуына байланысты 1994 жылдан 1997 жылға дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының жетекші маманы,
1997 жылдан 2005 жылға дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитеті эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы,
2005 жылдан 2008 жылға дейін- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы,
2008 жылдан бастап 2014ж - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидқадағалау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы,
2014 жылғы наурыздан 2014 жылғы қазанға дейін- ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы,
2014 жылдан 2017 жылға дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы,
2017 жылдан 2019 жылға дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы,
2019 жылдан 2020 жылға дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы,
2020 жылдан 2025 жылға дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы,
2025 жылдан бастап қазіргі уақытта-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

