
Махмуд Бақдәулет Бақмухамедұлы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Махмуд Бақдәулет Бақмухамедұлы 1980 жылы Қызылорда облысында туған, екі жоғары білімі бар, 2001 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2004 жылы Орталық Азия университетін бітірген.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
Еңбек жолын 2002 жылы қаржы полициясы органдарында бастады. Әр түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерде қызмет өткерді.
2014-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қ. бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
