
Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы
Өмірбаян
Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді.
Білім - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті «Юриспруденция» мамандығы, Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою» мамандығы бойынша магистратура.
Азаматтық қорғау органдарында 1998 жылғы тамыздан бастап. Өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті.
2025 жылдың маусым айынан - ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы.
2025 жылдың қараша айында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

